Биыл соттағы істер саны азайған

311
Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы

Биыл сотта қаралатын істер саны азайған. Бұл көрсеткішке сот төрелігінің бес сатылы жүйеге көшкелі сеп болған. Облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов тілшілерге осындай мәліметтер хабарлады.

Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы
Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың төрағасы

Бірінші және апелляциялық сот сатыларының рөлі айтарлықтай күшейіп, сот төрелігінің жұмысы жақсарған. Былтырмен салыстырғанда соттардың қарауына келіп түскен қылмыстық істер саны 700-ге азайыпты. Ал тағайындалған айыппұлдың 83 пайызы мемлекет есебіне өндірілген.

Сондай-ақ, қысқартылған істер саны да кеміген. Нәтижесінде сот қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі кеміп, істі қарау уақыты жүйеленген. Мұндай мәліметті жарты жылдықты қорытындылаған облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов жеткізді. Бүгінгі таңда ОҚО соты ел бойынша жасалған рейтингте жетінші орынға тұрақтаған.