Шымкентте есірткі сатып, еліткен келіншекке қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы орындығына екі айлық баласымен келген 26 жастағы азаматшаға ауқымды мөлшерде есірткі сатумен айналысты деген күдік тағылған.
Сондықтан болар, сотталушы қатаң қадағалануда. Арнайы күзет тергеу барысында уақытша ұстау изоляторда оның туған қызын да қарауға алған. Ал оның қорғаушылары алғашқы сот отырысында-ақ әлеуметтік жағдайын ескеруін сұранды.
Шақалағынан бөлек тағы төрт баласы барын алға тартып, жеңіл жаза қолдануларын сұрап етіп отыр. Десе де сот төрағасы қолданыстағы заң аясында ешқандай жеңілдік қаралмағанын алға тартуда.