Өскіндер қуаңшылықтан қурап барады. Мақтаралдық диқандар аптап ыстықта ағын судан тапшылық көріп отыр. Шаруалар бұл жағдай, әсіресе, тап қазір суды қажет ететін мақтаға кері әсерін тигізіп жатыр деп шырылдайды.
Мамандар су тапшылғын айтып наурыз айынан бастап дабыл қаққан еді. Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасынан бастау алып Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері арқылы Қазақстанға келетін судың мөлшері ерте көктемде-ақ тиісті деңгейінен төмендеп кеткен. Ол кезде Достық каналынан секундына 13 мың текше метр су ағып жатқан. Құрғақшылықтан қауіптенген құзырлылар сол кезде-ақ берісі облыс әкіміне, арысы ауыл шаруашылығы министріне хат жазып, әрекеттеніп бақты.
Алайда, бұл шаралардан нәтиже болмады ма, каналдағы су деңгейі әлі күнге қажетті деңгейде жетпей отыр. Мамамандар қазір каналда секундына 35-40 текше метр су ағып жатыр дейді. Бұл — қажетті су мөлшерінің тең жартысы. Аудандағы ағын судың басты көзінен 50 мың гектар алқап суарылады. Осыншама егістікті аман сақтап қалу үшін жергілікті билік өкілдері жан-жақтан көмек сұрап жатыр.
Керімбек Тұрсынбеков биыл 9 гектарға макта дәнін сепкен. Егістікке шамамен 2 млн теңге жұмсадым дейді ол. Ағын судан тапшылық көріп отырған шаруа қазір шөліркеген алқабына тіршілік нәрін тауып бере алмай қиналып отыр. Дер кезіндер суарылмағандықтан, қылтиып өсіп қалған қалған өскін қурап жатыр.
Хайдар ауылында тұратын бір топ шаруа арықтағы тобықтан келетін суға күнде телміреміз дейді. Су деңгейі көтеріле ме деген үміт сол… Жыл сайын су тапшылығын тартатын дихандар жергілікті билік өкілдеріне бірнеше рет өтініш жасасақ та бір сорғыға қол жеткізе алмай отырмыз дейді. Айтуларынша, биікте орналасқан бұл елдікеменде судың деңгейі үнемі төмен.
Ал салаға жауаптылар сорғылалардың тиімсіз екенін айтып сендіріп бақты. Сорғыға су жеткізіп берудің өзі қазір мұң дейді. Айтуыларынша, Достық каналында су деңгейі көтерілгенде аудандағы барлық ауылдар қажетті тіршілік нәрімен қамтылады. Жауапталыр халықаралық деңгейде шешілуі тиіс бұл түйткілдің түйіні бірер күнде тарқаталды деп уәде етті.