Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешіт пен 3 жылдан бері мұқтаж жандарға қол ұшын созып келе жатқан облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен қаламыздағы 980 отбасыға қайырымдылық көрсетті.
Мұқтаж отбасыларға пітір садақалардан жиылған ақшаға азық-түлік ұн, май, күріш, қант, шай, және тағы басқа заттар берілді. Қандай да бір жағдайдаларға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты.
Сондай-ақ, көмек сұраған адамға қайырымдылық қолын созып, жағдайы төмен отбасылардың қажеттілігіне бей-жай қарамайтын облыстық мешіт бұл бағыттағы жұмысын әр аудандарда да жалғастыратын болады.