ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлегеннің 19 шілдедегі №53 бұйрығы бойынша аталған басқармаға басшының орынбасары қызметіне меритократия қағидасымен Бақыт Ахымбетов тағайындалды.
Бақыт Сәрсенбайұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, заңгер. Еңбек жолын 2001-2004 жылдары облыстық мәдениет және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы болып бастаған.
2004-2010 жылдары облыстық жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2010-2012 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2012-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың наурыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.