«Оңтүстік Қазақстан» ардагерлеріне құрмет көрсетті

490
"Оңтүстік Қазақстан" ардагерлеріне құрмет көрсетті

Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» саяси-қоғамдық газетінің 3 бірдей аға журналисті Пайғамбар жасына толды. Ресми түрде зейнет жасына толған қаламгерлерге қара шаңырақтың ұжымы құрмет көрсетіп, құттықтады.

"Оңтүстік Қазақстан" ардагерлеріне құрмет көрсетті

Бас редактордың бірінші орынбасары Ертай Бекқұл, бөлім меңгерушілері Шойбек Орынбай және Жеңіс Бахадүр — есімдері өңір түгілі, республикаға танымал журналист, жазушылар. 95 жылдық тарихы бар «Оңтүстік Қазақстанның» бүгінгі деңгей, дәрежесіне жетуінде Алаштың арыстарынан бастап, талай қаламы қарымды, сөзі салмақты, оймақтай ой айта алған аға-апалардың еңбегі ерен.

Бүгінгі зейнет жасына келіп отырған аға буын журналистер сол тұлғалардың ізбасарлары. Олар өз кезегінде өскелең ұрпаққа өнегесін айтып, тәжірибесін үйретіп келеді. Ұрпақтар сабақтастығының теңдессіз үлгісін паш еткен азаматтарға басылымның бас редакторы бастаған ұжым ізгі тілектерін жеткізді. Олар да ерекше ықыласқа разылығын білдірді.

Зәуре Оралбаева