Оңтүстікте газ тағы қымбаттады

174
Табиғи газ

Табиғи газОңтүстікте газ қымбаттады. Көгілдір отынның бағасы 1 шілдеден бастап тағы да шарықтай түсті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшыларының айтуынша, тұрғындар үшін, халыққа жылу беретін заңды тұлғалар үшін табиғи газдың бір текше метрі енді 31 теңге 34 тиын тұрады. Монополистер бұл бағаны газды сатып алу бағасының қымбаттауымен түсіндіріп отыр.

Еске салайық, бұған дейін газдың бір текше метрі 29 теңге 30 тиыннан сатылған еді.