Оңтүстікте оқулық тапшылығы болмайды

395
оқулық

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында оқулық жеткілікті болмақ. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд 717 млн теңгеден астам қаржы бөлініп отыр, деп жазады облыс әкімінің ресми сайты.

оқулық

Биылғы оқу жылында 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың барлық оқулығы) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеніне, 4 сыныптың ағылшын тілі мен 9 сыныптың дінтану оқулықтарына және 1 сыныптардың (1 сыныптың барлық оқулығы) жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне сұраныс беріледі.

Қазіргі таңда аудандық, қалалық білім бөлімдері баспалармен келісім-шартқа жасасып бітті. Мәселен, облыс бойынша «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Алматы кітап», «Білім», «Жазушы», «Келешек-2030», «Интер-Пресс», «Кэмбридж», «САТР», «Бөбек», «Географиялық Республикалық атаулы мектеп», «Express Publishing», «8 & 8», «Macmillan», «Астана-Кітап», «Полиграфия-Олимп» сынды 17 баспамен келісім-шарт жасалды.

Бүгінгі күнге дейін осы баспаларға Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Шардара, Кентау, Түркістан және Шымкент қалалары 30 пайыздық үстемақы аударып қойды.

Әр қалалық, аудандық білім бөлімдері тасымалдаушыны ашық конкурс немесе баға ұсынысын сұрату арқылы анықтайды. Жеңімпаз деп танылған тасымалдаушымен келісім шартқа отырады.

Бүгінгі күнге облыстық білім басқармасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында жеңімпаз анықталып, келісім-шартқа отырып, жұмыстар атқарылуда.