Қазақстан парламенті мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Оңтүстікке іс-сапармен келді. Жоғары мәртебелі қонақ күнгейдегі түрлі этно-мәдени өкілдерімен кездесіп, «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасын түсіндірді.
Басқосуда Владимир Божко көп ұлтты Қазақстанның бірлігін айтып, Елбасының саясатын қолдауға шақырды. Тоғыз жылға жуық төтенше жағдайға жауапты болған ол бүгінде ұлтаралық келісім мен бірлігі жарасқан халықтың ортақ мақсатын орындау үшін еңбек етіп жүр.