Оңтүстікте алғаш рет емханаларда электронды кезек енгізілді. Енді облыстық клиникалық аурухана базасындағы дәрігерлерге көріну үшін кез келген өңір тұрғыны ұзын-сонар кезек күтпей-ақ дәрігердің қабылдауына еркін бара алады.
Айта кетейік, электронды қызметті кез келген азамат пайдалана алады. Яғни жаңа жүйе бойынша науқастар жергілікті емханаларында жоқ әрі сирек кездесетін 25 дәрігердің қабылдауына бара алады. Электронды кезекке тұру үшін www.densaulyk.com/uko сайтына кіру қажет.