Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мен «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация дерекциясы өзара меморондумға қол қойды.
Ынтымақтастық аясында облыс аумағындағы жергілікті атқарушы органдары байланыс арналарын 40 пайыз жеңілдікпен пайдаланатын болады.
Сондай-ақ алдағы уақытта қос тарап шалғайдағы ауылдардағы мемлекеттік органдарды байланыс желілеріне қосу жұмыстарында күш біріктіреді. Онымен қоса ауылдық елдімекендерде оптикалық желілер салынып, телекоммункациялық инфрақұрылым дами түседі.