Облыс әкімдігі мен «Қазақтелеком» меморондум түзді

542

меморондумОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мен «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация дерекциясы өзара меморондумға қол қойды.

Ынтымақтастық аясында облыс аумағындағы жергілікті атқарушы органдары байланыс арналарын 40 пайыз жеңілдікпен пайдаланатын болады.

Сондай-ақ алдағы уақытта қос тарап шалғайдағы ауылдардағы мемлекеттік органдарды байланыс желілеріне қосу жұмыстарында күш біріктіреді. Онымен қоса ауылдық елдімекендерде оптикалық желілер салынып, телекоммункациялық инфрақұрылым дами түседі.