Шымкент қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Тиісті тағайындау бұйрықтарына шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шымкент қаласының тұрғын үй,коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы болып Талғат Қасымбеков тағайындалды.
Талғат Нәбиұлы 1974 жылы 26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997-2004 жж. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, Алматы экономика және ститистика академиясын бітірген. Ол ҚР Ұлттық ұланының қатарында борышын өтеген. Еңбек жолын Алматыда «Агропромналадка» мекемесінде электр слесары болып бастады. 1994-2002 жж. жекеменшік және ұлттық компанияларда жұмыс істеді.
Содан кейін ОҚО әкімдігінде еңбек етті. Соңғы тағайындауға дейін Талған Қасымбеков тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің басшысы болып Бауыржан Қуанышбеков тағайындалды.
Бауыржан Шераханұлы 1960 жылы 7 қазанда ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1988 жылы экономист мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Ол еңбек жолын Шымкент өндірістік бірлестігінде машинист, содан кейін «Қызыл Жұлдыз» шаруа қожалығында тракторшы, Шымкент «Фосфор» өнеркәсіп бірлестігінде жұмысшы болып істеген.
1982-1993 жылы комсомол комитеттерінде, халық депутаттары кеңесінде әр түрлі лауазымды жұмыстар істеген. 1993 жылы «Елім» қорында бас директор, облыстық жұмыспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1999 жылдан 2014 жылға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды.
Облыс әкімшілігінің көлік, коммуникация және туризм департаменті директорының орынбасары, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары болған. 2014 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін аталған бөлім басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
Әйгерім Жұмақұлова Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі-баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.
Әйгерім Әбдіохапқызы 1991 жылы 1 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2012 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетін аяқтаған, мамандығы аймақтанушы.
Алғаш еңбек жолын 2011 жылы «СА-Фарм» ЖШС стратегиялық жобалау бөлімінің басшысы болып бастаған. 2012 жылы Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің коммуникациялар орталығындағы мониторинг қызметінің жетекші сарапшысы болып еңбек еткен.
2014 жылы Қазақстан Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің мониторинг қызметінің бас сарапшысы қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың сәуір айынан бастап осы орталық коммуникациялар қызметінің жедел талдау және мониторинг қызметінің бас сарапшысы, қараша айында коммуникациялар қызметінің бас сарапшысы болып қызмет істеген. Қызметтік бабына сай Астана қаласынан ауысып келіп, 2015 жылдың желтоқсан айынан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы қызметін атқарды.