«Шымкент-Сити» құрылысына америкалықтар көмектеседі

287
"Шымкент-Сити" құрылысына америкалықтар көмектеседі

Ірі америкалық компания «Шымкент-Сити» құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және «АЕСОМ» компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

"Шымкент-Сити" құрылысына америкалықтар көмектеседі

Екі тарап қалада салынып жатқан «Шымкент-Сити» ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті. Айта кету керек, «АЕСОМ» — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорациялары арасындағы Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

«АЕСОМ» жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-Ситиді» атап өтуге болады. Қазақстан — «АЕСОМ» компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.