Шымкентте кезекті науқастың бауыры алмастырылды

569

Шымкентте алтыншы рет бауыр алмастыру отасы жасалды. Бұл жолы қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері күрделі опеарцияны алғаш рет өздері жасап шықты. 14 сағатқа созылған трансплантация кезінде ақ халаттылар 43 жастағы әйелге інісінің бауырын салып берген.

vlcsnap-2016-07-04-12h55m10s123

Мәди Бегалиев, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасы: «Бауыр алмастыру отасы сәтті өтті. Туыстық донор арқылы жасалынды. Операция өткеніне сегіз күн болды. Бауырын берген донор қазір палатаға шығарылды. Ал науқас қазір жан сақтау бөлімінде. Жақын күндері палатаға шығарамыз.»

Ота 23 маусым күні өткен. Қазір қос науқастың да жағдайы жақсы. Алайда екі тарапқа да ұзақ уақыт медициналық күтім қажет. Айта кетейік, осы уақытқа дейін өңірде 66 рет бүйрек алмастыру отасы және 6 рет бауыр ауыстыру оталары жасалған. Қалалық жедел жәрдем  ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиевтің сөзінше, қазір өңірде бүйрек, бауырды қажет ететін науқастардың барлығына трансплантациялық отаны жасауға мүмкіндік бар. Бірақ, ол үшін донор қажет дейді. Осы ретте дәрігер мәйттік донорлықты қолға алу қажет деп санайды. Дегенмен, әзірге бұл мәселенің күрмеуі шелімеген.