Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті

351
Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті

Шымкентте көлік жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті. Соның салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте жүргізуші бір топ адамды қағып кетті28 шілде күні сағат 7 шамасында полиция бөліміне Шымкентке қарасты Тоғыстағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы болғаны жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, 1996 жылы туған Төлеби ауданының тұрғыны Мерседес автокөлігімен Леңгір қаласына бет алып келе жатқан кезінде көліктің рөлін игере алмай, автобус аялдамасында тұрған бір топ жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Соның салдарынан екі жүргінші — 50 жастағы әйел мен 39 жастағы азамат алған ауыр ден жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Ал 32, 30 және 24 жастағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген. Екеуі дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды.

Ал Алексей Стрелов есімді үшінші адамның жағдайы күрделірек. Қаза болған екі кісінің бірі осы Алексейдің анасы екен. Ол оқиғаның қалай болғанын түсінбей қалғанын айтады. Қас қағым сәтте анасынан айрылған жігітке жүргізушінің туыстары келіп материалдық көмек беретіндерін айтыпты. Өзінің жағдайын да сұрап кеткен көрінеді.

Өзіне-өзі әлі келе алмай отырған жігіт апатқа себепкер жүргізушіні кешіретінін немесе кешірмейтінін дөп басып айта алған жоқ. Ал нарколог дәрігерлердің берген анықтамасы бойынша, жас жүргізуші көлікті сау күйде басқарған.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) іс қозғалды.

Мерседес көлігінің жүргізушісі өз кінәсын толығымен мойындап отыр. 22 жасар жүргізушінің көлік айдағанына екі жыл болыпты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу-тексеру жалғасуда.

Ернар Балабеков