Шымкент қаласы, Самал-3 шағынауданы маңындағы қоқыс алаңын саябаққа айналдыру жұмыстары биыл басталады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясында айтылды. Халық қалаулылары былтыр беті жабылған алаңның орнын демалыс аумағына айналдыру ұсынысын бірден қабылдаған.
Осылайша шаһар аумағындағы саябақ саны артып, демалушыларға жағдай жасалмақ. Айта өтейік, ескі қоқыс алаңы лық толып, қолқаны қабатын исі жақын маңдағы үй тұрғындарының өмір сүруін қиындатқан болатын. Тұрғындар полигонды жабып, көк түтіннен құтқарыңдар деп талай рет дау көтерді. Жоғары жаққа шағымданып, арыз жазған. Соңғы екі жылда тілектері орындалып, аумақта культивация жұмыстары жүргізілген болатын. Былтырдан бері беті топырақпен жабылған алаңда қайта құру жұмыстары қарқын алған.
Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Биыл ескі палигонда парк құрылысы басталады. Оған 661 миллион теңге облыстан бөлінді. Оның зерттеп-зерделеу жұмыстары аяқталды, қазір құрылысы басталады».