Шымкенттің шалғай нүктелеріне қатынайтын жаңа автобус компаниясы құрылады

326
Шымкенттің шалғай нүктелеріне қатынайтын жаңа автобус компаниясы құрылады

Шымкентте «Шымкент Bus» жаңа транспорт компаниясы құрылуда. Осы мақсатта қалалық әкімдік муниципальды автопарк қызметін үйлестіру үшін «Green Bus» компаниясымен екі жақты меморандум жасады. Оған Шымкент әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров және «Green Bus» мекемесінің басшысы Бақыт Бектаев қол қойып отыр.

Шымкенттің шалғай нүктелеріне қатынайтын жаңа автобус компаниясы құрылады

Бұған дейін Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасында қала аумағында жолаушылар көлігінің қызметін үйлестіретін муниципальды автопарк ашу мәселесі көтерілген еді. Енді осы жұмысты қала әкімдігі мен «Green Bus» бірлесе қолға алып отыр. Жаңа компания акциясының 49 пайызы қала әкімдігінің, 51 пайыз үлесі «Green Bus» мекемесіне тиесілі болмақ.

Шымкенттің шалғай нүктелеріне қатынайтын жаңа автобус компаниясы құрылады

— Ең бастысы, муниципальды автопарк қызметін іске қосу — қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай оң ықпалын тигізбек. Мұнда арнайы конкурс арқылы жаңа бағытқа қойылған жолаушы тасымалдайтын автобустар метан газымен қозғалатын болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де арнайы жабдықталған автобустарды бағытқа қою жоспарлануда, — деп атап өтті Нұралхан Оралбайұлы.

Шымкенттің шалғай нүктелеріне қатынайтын жаңа автобус компаниясы құрылады

Жобаның алғашқы кезеңі аясында жыл соңына дейін 10 бағыт бойынша 150 автобус пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, қалаға жаңа қосылған елдімекен тұрғындары қоғамдық жолаушылар көлігімен жүйелі түрде қатынай алады деп күтілуде. Жобаның алғашқы кезеңінде жаңа бағыттағы автобустар Жаңаталап, Текесу, Қайнарбұлақ елдімекендеріне қатынауы тиіс.