Студент қыздың өліміне қатысты сот басталды

301
Студент қыздың өліміне қатысты сот басталды

Жоғалған студент қызды өлтірді деген күдікке ілінген азаматтың соты басталды. Бүгін аса ауыр қылмыс түрін қарайтын мамандандырылған сотта Әлишер Арғымбаевтың ісінің алғашқы сот отырысы өтті.

Студент қыздың өліміне қатысты сот басталды

Отырыс барысында күдікті өзіне тағылып отырған айыпты мойындамайтынын білдірді. Айыпталушыны адвокаттан бөлек анасы да қорғайтын болады. Прокурор айып таққан соң, куәгерлер сұралатын болады.

Еске салайық, студент Айгерім Оспанбекова 10 мамыр күні жоғалған болатын. Арада бір аптадан аса уақыт өткенде оның денесі Қазығұрт ауданынан табылған.