Түлкібаста нан және консерві зауыттары ашылды

702
Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың салтанатты ашылуына қатысты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Астана күніне орай Жаңаталап елдімекенінде 150 орынды орта мектеп ел игіліне берілсе, Түлкібас поселкесіндегі «Бәйтерек-4» ЖШС-нің көкөніс концервілеу және өңдеу зауыты ашылды.

Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Жылына 1,5 мың тонна көкөніс өнімдерінен концерві шығаратын цехтың жобалық құны — 115 млн теңге. Оның ішінде 55 млн теңге кәсіпкердің өз қаржысы болса, 60 млн теңге «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған. Мұнда жергілікті 35 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Сонымен қатар аймақ басшысы аудандағы күніне 30 тонна сүт өндіретін «Майлыкент» сүт зауыты мен 5 мың тонна нан өнімін шығаратын «Түлкібас» нан зауытында болып, өнеркәсіптің жұмысымен танысты.

Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды