Оңтүстік шағынауданы тұрғындарының қуанышқа кенелер күні жақын. Бүгін белгілі болғандай, шағынауданды қаламен жалғайтын өткел құрылысы аяқталып қалыпты.
Еске салайық, ұзындығы 172, ені 20 метрді құрайтын теміржол өткелінің құрылысы 2015 басталған болатын. Мердігер «Береке» АҚ нысанды мерзімінен бұрын тапсыруға ниетті. Құрылысшылар жұмыстың жобаға сай жүргізілгенін алға тартып, барлық техникалық ереже сақталды дейді.
Көпірдің құрылысы осымен екінші жыл қатарынан жүргізілуде. Құны 1 млрд теңгеден асады. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа мердігерлер ескі көпірді толық бұзып, екі жолақты жаңа көпір тұрғызды.