Жылу берушілер мен сот орындаушылары рейдке шықты

212

Жылуға ақы төлемегендер жауапқа тартылады. «Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдке шықты.

Жауаптылар жылуға есеп айырыспаған азаматтарға соттың шешімін таратып, тұтынған жылу ақысын төлеуге шақырды. Өткен жылу маусымында қалған қарыз – 190 млн теңге.

Мұнша қарыздың 184 млн теңгесі көп қабатты үйлердің тұрғындарына тиесілі болса, қалған 6 млн теңгесі – заңды тұлғалардың берешегі.

Әбдісаттар Душанов, «Қуат жылу орталығы-3» мекемесінің бөлім бастығы: «Заңды тұлғалар 6 млн теңге қарыз. Олар – облыс әкімдігі, білім беру басқармасына қарасты мекемелер және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар.»

Қазіргі таңда сотқа 1914 іс жіберілген. Олардың 86-ы бойынша соттың шешімі шығарылыпты. Соттың шемімі бойынша берешекті өтеуге жеке сот орындаушылары жұмылдырылған.

Нұржан Ахметов, жеке сот орындаушысы: «Қазір менде 86 сот шешімі бар. Борышкер 10 күнде төлемесе, айыппұл төлейді және мүліктері тәркіленеді. Және есеп-шоттары жабылады.»

Қарызын төлемей, қашып жүргендер заң алдында жауап береді дейді рейдке шыққандар. Егер соттың шешіміне құлақ түрмесе, келер жылдан бастап, жылудан қағылуы әбден мүмкін.