Бүгін облыс жұртшылығы Алматыдағы атыс кезінде оққа ұшқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды. Полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевпен қоштасуға келгендердің қарасы қалың.
Қара жамылған отбасына көңіл айтуға арысы Алматыдан ат арылтып келген шенеуніктер мен жергілікті билік өкілдері бар. Қазығұрттық туманың ішкі істер саласында қызмет еткеніне небәрі бірер ай ғана болған.
Марқұм былтыр Ақтөбедегі ІІМ заң мектебін бітіріп, қызметіне енді кіріскен еді.