Ұлттық музей жәдігерлері — Шымкентте

413
Шымкентте көшпелі мәдениет туры өтеді

Шымкентте көшпелі мәдениет туры өтеді. Ұйымдастырушылар «Ұлттық музей — сенің қалаңда» көшпелі мәдени турының ашық есік күніне облыс тұрғындарын шақырады.

Шымкентте көшпелі мәдениет туры өтеді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның ұлттық музейінің бастамасымен Шымкентте ұйымдастырылып жатқан көшпелі мәдени көрмеге ұлтымыздың ең құнды жәдігерлерінің бірегейі – «Алтын адам» қойылатын болады. Ауқымды турдың басты ерекшелігі тек музей төрінде ғана тұратын бағалы мұрамен өзге өңір тұрғындарының да жақынырақ танысып, түсініп, зерделеуіне жол ашу болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен өтетін мәдени турда келушілердің назарына ұлттық музейге саяхат және 3D графикалық бейнероликтері де ұсынылмақ. Еліміздің барлық аймағын қамтуды мақсат тұтқан мәдени саяхат бүгінде дейін республиканың Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Қызылорда облыстарында болды.

Айта кету керек, көшпелі көрме 6 тамыз, сенбі күні сағат 10:00-24:00 аралығында өтеді. Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бейнелеу өнері музейі. Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, 2Б, Абай саябағы.