Қос бірдей бүлдіршінді ұрлап, қоғамды дүр сілкіндірген 60 жастағы әйел жеті жылға сотталды. Балжан Орақбаева жазасын жалпы режимдегі коллонияда өтейтін болады. Жас бүлшіндерді сүйкімділігі үшін ұрлап кететін әйел өз кінәсін толық мойындаған. Ол бұған дейін де екі рет сотты болыпты.
Дәл осы іске дейін екі рет сотты болған Балжан Орақбаева сот залына басын тік көтеріп кірді. Судья екі бүлдіршінді ұрлаған 60 жастағы әйелдің қылмыстарын тізбектеп, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл шешімді естіген азаматша эмоциясын сыртқа шығармады.
Биыл ақпан айында бір аптаға жоғалған Мұхаммед Қамшыбек дәл осы Балжан Орақбаеваның үйінен табылды. Меткептен қайтар жолда баланы ұрлап әкеткен әйелдің қылмысын жолдасы әшкерелеген болатын. Ол Мұхамедті туысымның баласы деп, үйінде ұстапты. Ата-анасына аман-есен қайтарылған Мұхамедтің анасы соттың шешімімен толық келіседі. Тиісті жазасын алатын болды деп отыр.
Еске салайық, осыдан үш жыл бұрын Шымкентте Нұрай есімді алты жасар балақай жоғалып, табылған еді. Қаладағы № 87 мектептің дайындық тобында оқитын оны «апасымен» деп, дәл осы әйел алып кетіпті. Бұл қылығы тергеу жұмыстары барысында мәлім болған.
Енді сот үкімі он бес күннен кейін күшіне енеді. Оған дейін шешіммен келіспеген тараптар апелляциялық шағым түсіре алады.
Ғалым Кенжебек