Бүлдіршіннің өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот басталды

332
Бүлдіршіннің өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот басталды

Шымкентте екі жасар бүлдіршіннің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот отырысы басталды. Марқұмның ата-анасы қайғылы оқиғаға қоғамдық көлік жүргізушісі кінәлі деп отыр. Ол жол ережесін өрескел бұзып, Түзеуқабыловтар отбасы отырған көлікті келіп соққан.

Бүлдіршіннің өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот басталды

Соның салдарынан екі жасар бүлдіршін қайтыс болды. Тағы бірнеше адам ауыр дене жарақатын алған. Жол апатынан машинада отырған екінші бала мүгедек болып қалса, отағасына ота жасалған. Дегенмен, айыпталушы осы кезге дейін қара жамылған жанұяға барып кешірім сұрамаған дейді жәбірленушілер.

Бүгінгі сот процесін жүргізген судья отырысты кейінге қалдырды. Айта кетейік, қайғылы жағдай маусым айында Жаңаталап елдімекенінде болған. Қатты жылдамдықпен келген шағын автобус бір жанұя отырған көлікті қаққан. Аталған жәйт бойынша қылмысты іс қозғалып, күдікті екі айға қамауға алынған еді.