Рио олимпиадасында сынға түсетін боксшылардың қарсыластары белгілі болды. Жерлесіміз Біржан Жақыпов тамыздың сегізі күні сағат 02:00-де (Астана уақытымен) набиялық немесе әзірбайжандық спортшымен қолғап түйістіреді.
Ал Қайрат Ералиев тамыздың 11-і күні әзірбайжандық боксшы Джавид Чалабиевпен кездеседі. Жайна Шекербекова 16 тамызда Франция немесе Марокко ойыншысымен сынға түседі. Ол да кешкі сессияда ринг төріне шығады.