Оңтүстікте қайырымдылық шаралары жалғасуда. «Бізбен бірге» еліктілер мектебінің азаматтары әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасының баласына материалдық көмек көрсетті.
Қайырымды жандар «Мектепке жол» акциясы аясында 50 баланы мектеп формасы, сөмке, оқу құралдары сынды қажеттіліктермен қамтыды. Игі бастама аясында бүгінде Шымкент қаласы бойынша 29 мыңнан аса балаға әлеуметтік көмек көрсетілген. Жылда дәстүрлі түрде өткізілетін шара 1 қыркүйекке дейін жалғасады.