Шымкентте бес баласымен далада қалған жалғызбасты ананың балдырғандары мектепке баратын болды. Гүлжаһан Байзақованың 4 баласы Достық шағынауданындағы №69 мектепте оқитын болды. Оларды қаланың жомарт жандары мектепке дайындап, көмек қолын созған.
Бүгінгі таңға дейін жомарт жандар тарпынан жиналған қаражатқа кепілде қалған құжаттары алынып, арнайы есеп-шот ашылды. Айта өтейік, осыдан бір апта бұрын Гүлжаһан Байзақованың қиын жағдайын көрсетіп, көпшілікті хабардар еткен болатынбыз.
Содан бері қайырымды жандар табылып, көп балалы ананың жағдайына бей-жай қарамады. Қазір күйеуі тастап кеткен әйел 1 бөлмелі жалдамалы баспанада тұрып жатыр. Десе де, көп болып жұмылғандар баспанамен қамтуды ойластырып отыр.