Кезекті оқу-жаттығу колледжде өтті

421

Бүгін өрт сөндірушілер кезекті оқу-жаттығуларын облыстық политехникалық колледж базасында өткізді. 6 арнайы көлік пен 60 маман тартылған жаттығуларда оқу орнының төтенше жағдайға дайындығы, колледж ұжымының өрт қауіпсіздігіне қаншалықты машықтанғаны пысықталды.

Бүгінде облыс аумағындағы барлық оқу орындары, мектеп, балабақшалардың қауіпсіздігі тексеріліп, ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Оның барысында көптеген кемшіліктер анықталуда.