Жаңа композиттік қызмет мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлесіп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақыларды алуды жеңілдетуге бағытталған.
— Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін жүгінген адам алдымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне баратын. Осы рәсімнен кейін ғана әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін ЗТМО-ға жүгінетін еді,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. — Енді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті, мұнда мүгедектік белгіленгеннен кейін азамат үш мемлекеттік қызметке: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге бір өтініш бере алады. Өтініштегі банктік шоты көрсетіле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа жіберіледі.
Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесі және мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесінде өтінішті қабылдау кезінде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесінен алады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына ғана тиесілі екендігін естен шығармау керек. жылдың басынан бері мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға 16 989 өтініш және республикалық бюджеттен төленетін мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға 17 590 өтініш қабылданған, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабілеттінен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтік төлем тағайындалды.