Оңтүстіктің полицейлері 34 адамды ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір полицейлер осы іске қатысы барларды іздестіріп жатыр. Ішкі істер министрлігінде жедел штаб құрылып, ауылға ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен облыс әкімі барды.
Тексеру барысында Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны ұсталды. Олардан 7 таяқ және бензині бар 5 литрлік құты тәркіленген. Еске салайық, бір күн бұрын Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық тіркелген еді. Мұны ішкі істер департаментінің басшылығы «ауыл тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдік себеп болған» деп отыр.