Түркістан облысында мектеп оқушысын зорлаған күдікті қамауға алынды

фото egemen.kz

Төлеби ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті  ұсталды.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Барлық жағдайлар  анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.