Шымкентте 400-ден аса оқушыны облыс имамдары мектепке дайындады. Бүгін облыстық мешітте «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер табысталды.
Қайырымдылық шараға демеушілер тартылған. Олардың көмегімен жүзден аса балаға қаржылай тарту жасалды. Қазақстан мұсылмандар одағының Оңтүстіктегі «Зекет қоры» ұйтқы болған шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Мешіт өкілдері әлі облыс бойынша 1000-ға жуық баланы оқуға қажетті заттармен қамтамасыз етіп, қуантуды жоспарлап отыр.