Пара берген депутат тергеу кезінде қамауда отырмайды

472
Депутат пара бермек болған

Шымкентте экс-депутат сотқа келтірген мүліктік кепіл негізінде тергеу кезінде қамауда отырмайтын болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты пара берді деген күдікпен ұсталғаны бұған дейін жазылған еді.

Депутат пара бермек болғанДепутат А.Сопбеков Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры болған. Оны сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының қызметкерлері пара беріп жатқан жерінен қолға түсіріпті.

«Белгілі болғандай, Сопбеков колледждегі қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы А.Бекболатұлы арқылы ОҚО білім басқармасындағы лауазымды тұлғаға 3 миллион теңге көлемінде пара берген.

Ол үшін шенеунік білім ордасына мемлекеттік грант алып беруі тиіс болған» делінген хабарламада. Енді экс-депутат сотқа келтірген мүліктік кепіл арқылы тергеу кезінде қамауда отырмайтын болды.