Шардарада жүзім жайқалып тұр

729
Шардарада жүзім жайқалып тұр

Шардараның дихандары жүзім шаруашылығын дамытуда. Жергілікті жер емген ағайын осылайша күріш пен мақтадан бөлек көп жылдық жемістерге көңіл бөле бастады.

Шардарада жүзім жайқалып тұр

Соның айғағы ретінде соңғы бір жылда Тұрысбеков ауылды округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеті егілгенін айтуға болады. Жүзімнің «Қызғылт тайфи» сұрпын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатындарын айтады. Ал ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан өнім жиналуда. Бүгінгі күнге әр гектардан 35 центнер өнім алған диқандар қазір 731,5 тонна жүзім жинап қойды.

Шардарада жүзім жайқалып тұр

Сонымен қатар аудан тұрғыны А.Ибадуллаев 10 гектар алқапқа алманың «Павлинка» деп аталатын сұрпын өсіруді қолға алған. Ал бүгінге дейін ауданда 70 гектар жерге егілген алма бауынан гектарына 25 цн өнім түсіп, жалпы 175 тонна алма терілген.

Шардарада жүзім жайқалып тұр

Шардаралық шаруалар 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді. Бұдан түсер пайданың мол екеніне көзі жеткен диқандар бау-бақшаны дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жиналған өнімдер ауданның ішкі нарығына шығарылуда.