Шымкент мектептерінің алдындағы қауіпсіздік

432
Шымкент мектептерінің алдындағы қауіпсіздік қолға алынды

Биыл оқушылар қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Шымкенттегі 164 мың оқушы амандығы үшін мектепке барар жол жөнделіп, жол ережесін мұқият сақтау қадағаланады.

Шымкент мектептерінің алдындағы қауіпсіздік қолға алынды

Биыл шаһардағы білім мекемелерінің алдына жасанды кедергілер қойылды, ол үшін қалалық бюджеттен 13 миллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ, 11 жол айрығына 9 бағдаршам қойылды. Барлық білім мекемелерін қамту үшін көлік бөлімінің мамандары мәслихаттан әлі қосымша 150 метр кедергіге қаржы сұрамақ.

Жалпы, қаладағы барлық білім мекемелерінің 85 пайызында қауіпсіздік шаралары сақталған. Десе де сала мамандары кейбір мектептердің алдына жасанды кедергі орнату талапқа сай келмейді деп отыр. Қыркүйек айының бірінші және бесінші жұлдыздары аралығында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтетін болады.

 

Осылайша оқушылар қауіпсіздігін шаһар басшысы қатаң бақылауға алған. Ол үшін арнайы жиын да өткізіп, өткен жылғы кемшіліктерді қайталамауға тапсырма берді .Білім бөлімінің басшысын да сол қауіпсіздікке қырын қарағаны үшін қызметтен босатқаны да ел есінде.

Ғабидола Әбдірахымов, Шымкент әкімі: «Бала қауіпсіздігіне жол сақшылары мен білім бөлімі жауап береді. Қазір жиналыстан шыққан соң барлық мектептерді аралап, қай жерге қандай жол белгісі қажет, соны тағы бір сараптап шығыңыздар.»

Жалпы қала бойынша жол белгілерін орнатып, күтіп-ұстауға 421 млн теңге бөлінген. Ал мектептердің 80-85 пайызында ғана жасанда кедергілер орнатылыпты. Сала мамандары жол ережелеріне байланысты кейбір білім мекемелерінің жанына қосымша жол белгілерін орнату мүмкін емес дейді.

Соның салдарынан қалалық білім бөлімі кедергі орнатылу қажет деп ұсыныс берген 80 мектептің 55-де ғана кедергі қойылыпты. Ол дегеніміз, әлі де болса ата аналар өз бүлдіршіндерінің қауіпсіздігін естен шығармауы тиіс.

Нұрлан Жаңабай