24 тамыз күні Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара қаланың орталық саябағында ұйымдастырылған.
Осында жиналған жұмыс берушілер өз ісінің мамандарын іздейді. Жәрмеңке таңғы сағат 09:00-де басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнда 2000-нан аса бос жұмыс орны ұсынылған. Қала аумағындағы 250 мекемеге маман қажет деген мәлімет бар.
Дегенмен, жұмыс берушілер мен оны іздеушілер тарапынан белсенділік байқалмады. Тек педагог мамандарына ғана сұраныс болды. Жолдама сұрап, кезекте тұрғандар бірден көзге түсті.
Жәрмеңкенің өту барысына қала әкімінің де көңілі толмады. Сол себепті жұмыс берушілер мен жұмыс іздегендерді жолықтыратын тиімді бағдарлама жасау керек дейді.
Ал ресми түрде берілетін статистикаға тоқталатын болсақ, биылдың өзінде дәл осындай бос орындар жәрмеңкесінен 1000 нан аса азамат екі қолға бір күрек тапқан. Бірақ, оның қанша пайызы тұрақты жұмыспен қамтылғаны белгісіз.
Нұрлан Жаңабай