Шымкентте жергілікті билік өкілдері көп балалы аналарға құрмет көрсетіуде. Алдымен қаладағы Абай ауданы әкімдігінің мамандары бастады. Ауданда тұратын алтын құрсақты 5 ана «Алтын алқа» тақса, тағы 23 ана «Күміс алқа» төс белгілерімен марапатталды.
Осылайша ел демографиясының дамуына елеулі үлес қосқан аналар ардақталды. Жалпы, Абай ауданында жыл сайын көп балалы отбасыларының қатары артып келеді. Ал алтын және күміс алқа иегелерінің қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндіктері бар.
Одан кейін конституция күні мерекесі қарсаңында шаһарамыздағы 7 көп балалы ана кеуделеріне алтын алқа тақты. Әл Фараби ауданы бойынша 4000-нан астам алтын құрсақ ана бар. Соның бүгінге дейін 1100-і — күміс, 400-ден астамы Алтын алқа иегерлері атаныпты. Батыр аналарға арнайы құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.