Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы халықты әбігерге түсірді. 10 тамыз күні кешкісін «Фиркан-Сити» сауда-ойын-сауық орталығына келгендер ғимараттан тез арада сыртқа шығуға мәжбүр болды.
Себеп — бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен қою көк түтін шығып жатыр. Соның салдарынан өрт қауіпсіздігі желісінің дабылы іске қосылып кетті. Оқиға орнына тез арада бірнеше арнайы техникаға мінген ондаған өрт сөндіруші келді.
Анық болғаны, асханадағы газда тұрған май жанған. Отты қызметкерлер өздері сөндіріп үлгерді. Дегенмен, кинотеатрдағы сеанс біраз уақытқа тоқтатылып, кейін қайта қосылды және қыдырып келушілер де серуендеуге кірісті.