Шымкенттегі Кең баба саябағында ақтерек ағашы құлады. Алып ағаш Гани Іляев және Диваев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолына түскен.
Абырой болғанда жүргіншілер зардап шекпеген. Оқиға орнына коммуналды сала жұмысшылары келіп, тазалау жұмыстарын жүргізді. Мамандар жылдар бойы өсіп тұрған ескі ағаштың ауруға шалдыққанын анықтап отыр.
Паразиттер басып кеткен ағаштар қоршаған ортаға зиянды деп табылды. Салаға жауаптылар бұл ағашты биыл қырқуды жоспарлағандарын айтады.