Шымкентте Қазақстанның конституциясы күніне орай жаңа балабақша ашылды. «Балапан» бағдарламасы аясында салынған мектепке дейінгі тәрбие мекемесі 180 сәбиге шақталған.
«Айсұлу» балабақшасының ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Бөбекжайда тәрбие қазақ, ағылшын және орыс тілінде жүреді. Жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған.
Мұнда балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психологиялық ерекшеліктеріне қарай көмек беретін психолог ұстаздар бөлмесі, асхана, ойын бөлмесі, музыка және спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған ойын алаңшалары, жазғы бассейндер бар.