Шымкент қаласының тұрғындары үшін маңызды ақпарат. 4 тамызда қаланың кей көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі.
Нақты айтқанда Тəуке хан даңғылының Байтұрсынов көшесінің қиылысынан бастап Қонаев даңғылына дейінгі аралығында күрделі құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Тəуке хан даңғылы мен Қазыбек би көшесі қиылысынан бастап Тәшенов көшесінің қиылысына дейінгі аралық та жөнделеді.
Осыған байланысты аталған көше бөліктеріндегі көлік қозғалысы шектеледі. Шымкент қалалық әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.