//
"Таза қала" акциясы жалғасуда Жаңалықтар 

“Таза қала” акциясы жалғасуда

Шымкеттегі “Таза қала” акциясы соңына таяп келеді. Енді бір айдан соң байқау жеңімпаздары анықталып, қаладағы көрікті аула белгілі болады. Қазіргі таңда комиссия мүшелерінің жұмысы қыза түскен. Бұл жолы Әл Фараби ауданы атынан қатысатын аулалардың абаттандырылуы тексерілді.

"Таза қала" акциясы жалғасуда

Рашидов көшесіндегі №108 үйдің тұрғындары “Таза қала” байқауына биыл үшінші рет қатысып отыр. Өткен жылы жүлделі болған жерлестеріміздің биылғы дайындығы да жаман емес. Көпшілік болып ауланы абаттандырып, гүл егіп, өз қолдарымен түрлі ойын элементерін құрастырған.

“Азаматтық Альянс” қауымдастығы мен қала әкімдігінің бірлесе өткізетін акциясы биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын тазалықтың жаршысы атанатындар мен байқауға қатысушылардың саны артып келеді. Аулаларын абаттандырғандар бір-бірімен жарысып, таза ұстауға да тырысып бағуда.

Әл Фараби ауданы бойынша акцияға қатысып, жүлделі болуға үміттілердің саны алпыстан асқан. Олардың үздіктері қала күні қарсаңында белгілі болады.

Нұрлан Жаңабай

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz