Бүгін белгілі болғандай, Оңтүстік шағынауданын қаламен қосатын теміржол өткелінің бір бөлігі қолданысқа тапсырылады. 2014 жылы құрылыс жұмыстарын бастаған «Береке» корпарациясы нысанды мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлап отыр.
Жалпы, көпірдің ұзындығы 500 метрді құрайды. Ені 21 метрлік көпірдің бір бөлігін асфальттау жұмыстары кешке дейін аяқталады. Бірінші қыркүйекте қатынас ашылып, жаңа көпір пайдалануға беріледі.