Шымкентте туыстары жасөспірім қызды іздейді. 16 жасар Айдана Қаһарман 2016 жылдың 28 шілдесі күні жоғалып кеткен. Жасөспірім қыз көркемөнер мектебіндегі сабағынан шыққан соң оны ешкім көрмепті. Айдана үйіне де оралмаған.
Айдананың бойы — 170 см, орташа денелі, шашы қысқа қырқылған. Үстінде қара шортиі мен ұзын кардиганы болған дейді туыстары. Сіңлісі туралы әлеуметтік желіде әпкесі Айнұр Қаһарман жазды.
«Егер сіздерге сіңлімнің қайда екені белгілі болған жағдайда немесе ол туралы кез келген мәлімет білсеңіздер, 8-747-722-33-26 немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұранамын» дейді Айнұр.