Шымкентте жаңа жерүсті өткел салынады. Құрылысы былтыр басталған Мангельдин көшесі мен Темірлан тасжолының қиылысындағы өткелдің жобалық-сметалық құжатына өзгерістер енгізілуіне байланысты жұмыс тоқтап қалған болатын.
Үш күн бұрын бастаған құрылыс 2017 жылдың ақпан айына дейін жалғасады деп күтілуде. Осы маңдағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындардың емін-еркін жүруіне ыңғайластырылған нысан құрылысына облыстық бюджеттен 217 млн теңге бөлінген.
Мұнда мүгедектерге арналған лифт пен жауын-шашыннан қорғайтын шатыр орнатылады. Айта өтейік, қаламызда жаяу жүргіншілерге арналған 10 өткел бар.