«Жас сақшы» бес күндік семинары басталды

285
«Жас сақшы» бес күндік семинары басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында полициялардың қоғамдық көмекшілер үшін жастар жасақтарының «Жас сақшы» атты 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренингі басталды.

«Жас сақшы» бес күндік семинары басталды

Облыс әкімінің тапсырмасына орай жыл басынан бері облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметі аудан және қалаларда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту мақсатында 500 жастың тізімі жасақтаған болатын.

Облыс әкімдігінің қолдауымен жасақталған осы 500 жасқа арнайы логотип жазылған күртешелер мен былғары сөмкелер, қызметтік куәліктер берілетін болады.

Шымкенттен бастау алған 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренингі барысында қоғамдық көмекшілер ішкі істер органдарының жұмысының қыр-сырымен танысып, білім деңгейін көтеретін болады. Семинар кейіннен Сарыағаш, Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында жалғасады.