Қазақстандықтар қажылыққа түгел аттанды

233
Қазақстандықтар қажылыққа түгел аттанды

Биыл елімізден Мекке-Мәдина қалаларына үш мың адам аттанды. Олардың жартысынан астамы — оңтүстікқазақстандықтар.

Қазақстандықтар қажылыққа түгел аттанды

Бұған дейін өңірдің азаматтары транзиттік рейстермен бір күнге жуық уақытын, дәлірек айтқанда, 14-16 сағатын жолға шығындаса, енді 6 сағаттың көлемінде қасиетті қалаға баруға мүмкіндік алды. Игі бастама ең әуелі уақыт пен қаржыны үнемдеуге оң ықпал етеді. Енді бесінші парызын өтеуші азаматтар Қазақстаннан ихрам киімін киіп, тікелей Мекке қаласына бағыт алады.

Биыл қасиетті сапарға жол тарқандар менингит ауруына қарсы вакцина салдырды. Бұл егу жұмыстары қажылықты өтеуге ниет еткен әрбір мұсылман үшін міндеттелген. Өйткені ауруға қарсы жасалған вакцинаның құжатынсыз Сауд Арабиясына кіруге шектеу қойылған. Айта кетейік, биыл өңірден 1655 азамат Мекке-Мәдина қалаларына жол тартса, оның 585-і облыстық хирургиялық, амбулаториялық және гинекологиялық орталықтан екпе салдырған.