Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

700
Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елдімекендерін қосатын көпір құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Өткелдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты. Үш мыңнан астам халқы бар елдімекендерде бұрын-соңды көпір болмаған. Жергілікті халық өткелді қолдан істейтін. Алайда ол көпір тез арада жарамсыз күйге түсіп отырған еді.

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді

Айта кетейік, Тастақсай өзені арқылы өтетін өткелді салуға қаржы облыстық бюджеттен қаралды. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірде түрлі көліктерді көтере алады.

Қазығұрт ауданында жаңа көпір пайдалануға берілді